Бүгін Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті Үкімет отырысында көтерілген негізгі мәселелерге келетін болсақ.
▪️ Ұлттық банктің жұмысы туралы:
"Сарапшылар АҚШ долларының нығаюына байланысты теңге бағамына қысым болады деп күтуде. Ал валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, жалпы инфляцияны тежеу аса маңызды жұмыс. Қазір айтпағанда, үкіметпен тығыз байланыста атқарылуға тиіс негізгі жұмыс. Тәуелсіз әрі дербеспіз деген бұрынғы көзқарастар қазір жоқ, өйткені жағдай өзгеше".
◾️Тоқаев үкімет қаражатты барынша үнемдеп, тек маңызы зор жобаларды жүзеге асыруға пайдалану қажет деп мәлімдеді.
"Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді".
◾️Үкімет ЖЖМ бағаларын, ТКШ және темір жол тасымалы тарифтерін реттеуді доғармақ - Олжас Бектенов.
Премьер-министрдің айтуынша, бұл инвесторларды тартуға және жанармай тапшылығын болдырмауға көмектеседі.
"Бағаның күрт өсуіне жол бермейтінімізді атап өткім келеді", - деп атап өтті Бектенов.
◾️Мемлекет басшысы Үкіметке атом саласын дамыту жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ болашақ атом электр станциялары үшін қолайлы орындарды табуды тапсырды.
Мемлекет басшысы сондай-ақ ядролық энергияның қажеттілігін атап өтті.
"Екіншіден, қуат жеткілікті болса, барлық аймақтар гүлденіп, өркендей түседі, халықтың тұрмысы жақсарады", - деді Тоқаев.
◾️Президент сондай-ақ қоғамдық пікірге теріс ықпал ету, биліктің беделін түсіру және ел ішінде алауыздық тудыру үшін жалған мәлімет тарап, ақпараттық шабуыл жасау белең алып бара жатқанына алаңдайды. Ол әлеуметтік желілерге деструктивті контент үшін жауапкершілікті қалай артуға болатыны туралы ойлану керек екенін атап өтті.
◾️Үкімет жалақы қорына жүктемені азайтпақ.
Ол үшін ҚҚС мөлшерлемесін көтеру, әлеуметтік салықты және жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы төлемдерін төмендету ұсынылады.
Вице-премьердің сөзіне қарағанда, 26 трлн теңгеге жуық республикалық бюджеттің небәрі 2 трлн теңгесі ғана дамуға жұмсалады. Бұл шешім бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жалақыны арттыруға көмектеседі.
Мақала тегтері