Осы аптада "А" тобының екінші дивизионында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын аяқталды.
Қазақстан құрамасы әлемнің түрлі құрама командаларын, соның ішінде Жаңа Зеландия мен Нидерланды құрамаларын жеңіп, тек Оңтүстік Кореяға жол берді. Бұл бізге турнирдің қорытынды есебінде екінші орынға табан тіреуге мүмкіндік берді.
Мұның бәрі біздің жас ойыншыларымыздың үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды. Олардың арасында Сәтбаев хоккей мектебінің түлектері ерекше көзге түсті: 15 жасар София Муравьева турнирдің үздік шабуылшысы және команданың үздік ойыншысы атанды, сондай-ақ турнирдің бомбардирлер қатарын бастады. Бұл статистикада екінші орынды Сәтбаев мектебінде жаттыққан капитан София Зубкова алды.
Біз Муравьевадан шағын сұхбат алдық.
- Матчтан кейін не сезінесіз?
- Матчтан кейін эмоциялар деген тасып тұр. Жеңілгеніміз өкінішті. Бір нәрсе қолдан келіп жатты, енді бір нәрселер келмей жатты. Бұл ойын, сәл-пәл сәттілік жетіспеді.
- Қарсылас команда туралы не айта аласыз?
- Олардың кейбір ойыншыларына біз өткен әлем чемпионатында қарсы ойнадық. Керемет эмоциялар!
- Ендігі мақсатыңыз қандай? Қандай жетістіктерге ұмтыласыз?
- Мақсат сол баяғы - алтын алу және жоғары дивизионға кіру. Биыл сәті түспеді, келесі жылы тырысамыз.
- Сізді не ынталандырады?
- Арманым спортшы ретінде өсіп, Қазақстан намысын халықаралық деңгейде қорғау.
- Бапкерлеріңіз туралы айтып бере аласыз ба? Сізді жаттықтырған кім?
- Сергеев Егор Викторовичке үлкен үлес қосқаны, қолдау көрсеткені және мотивация бергені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жаттықтырушы мен үшін маңызды тұлға.
- Кімге қарсы ойнағыңыз келеді? Хоккейде үлгі тұтар ойыншы кім?
- Мен элиталы дивизион ойыншыларымен бір айдынға шығып, хоккейші ретінде өсуге көмектесетін баға жетпес тәжірибе алғым келеді.
- Сәтбаевтың жас хоккейші аруларына қандай кеңес берер едіңіз?
- Көбірек еңбек, тәртіп әрі табандылық.
Мақала тегтері






