Ағымдағы жылы ұзындығы 5 шақырымға жуық 7 көшедегі жолдарды орташа жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Жезқазған әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда:
- Холмецкий көшесі Пушкин көшесінен Тимирязев көшесіне дейін;
- Пушкин көшесі Сәтбаев көшесінен Садовое айналма көшесіне дейін;
- Алашахан даңғылы Байқоңыров көшесінен айналма жолға дейін;
- Есенберлин көшесі Жалел көшесінен Шығыс айналма жолына дейін;
- Қаражар көшесі Сәтбаев көшесінен МАИ ғимаратына дейін;
- Бөгенбай батыр шағынауданының көшелері (Заводская, Щорс, Водопроводная, Шолохов, Иманжанов, Майқұтов, Шинтуринов);
- Шығыс айналма жолы айналма жолдан Тимирязев көшесіне дейін.
Сондай-ақ,
- №1, 10, 15, 19, 26, 29 және 61-орамда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған;
- № 1-5 шағын аудандарының жолдары жөнделеді.
Айта кетері, Бөгенбай батыр шағын ауданында орташа жөндеу жұмыстары өткізілетіні туралы өткен жылдың ақпан айында хабарланған болатын.
Мақала тегтері






