Кіру

|

Тіркелу

Құны 1,8 млн теңге қоларба: Ұлытау облысында медициналық бұйымдар тендері сұрақ тудырды

Жарияланған күні: 28.01.2026, 13:13

Автор: Рахимжанова Жамиля

Сатып алу порталында 2025 жылдың соңында өткізілген тендерлердің бірі оқырманымыздың қызығушылығын тудырды. Қаражал қаласының ауруханасы жалпы сомасы 31 млн теңгеден асатын бірнеше лот сатып алған.

 

Позициялар арасында 1,85 млн теңгеге жылжымалы хирургиялық шырағдан, құны ұқсас медициналық қоларба, 4 млн теңгеге жуық дефибриллятор-монитор, 19 млн теңгеден астам сомаға мобильді рентген жүйесі болды. Айта кетері, кейбір бұйымдар сатып алынбады. Құны 1,45 миллион теңге болатын электр сорғыш сатып алынбады.

 

Бір қызығы, бірқатар сатып алулар бойынша бір жеткізуші жеңімпаз атанды.

 

 

 

 

 

 

Денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік сатып алу заң бойынша жүзеге асырылған деп жауап берді.

 

"Лоттар мен бағаларды қалыптастыру көрсетілетін көмектің бейіні мен көлемін, жабдықтың техникалық сипаттамаларын, ашық көздерден және коммерциялық ұсыныстардан нарықтық бағаларды талдауды ескере отырып, медициналық ұйымның бекітілген қажеттілігі негізінде жүзеге асырылды", - делінген хабарда.

 

Заң бір өнім берушінің бірнеше лоттарға қатысуына рұқсат береді. Оған қоса осы аукционның жеңімпазы тиімді шарттар ұсынған.

 

Медициналық ұйым тексеріске және құжаттаманы ұсынуға дайын, дейді басқарма.

 

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.