Дінтанушы және мәдениеттанушы Елнар Берікбаев атеистердің сезімдері мен қадір-қасиетін қорғайтын заң енгізу қажеттігін мәлімдеді. Ол бұл туралы Facebook-тағы парақшасында жазды.
"Қорлау, азғын деп айыптау, наным-сенімнің жоқтығы үшін агрессия жауапсыз қалып жатыр. Бұл қоғам үшін өте қауіпті көрініс", - деп жазады мәдениеттанушы.
Ол "Нұр-Мүбарак" ислам университеті оқытушысының көпшілік алдында сөйлеген сөзін мысалға келтірді. Берікбаевтың сөзіне қарағанда, ол оқытушы атеистерді адамзатқа қауіп төндіретін жануарларға теңеген.
Дінтанушы мұндай заң діндер мен діндарларға қарсы бағытталмағанын, керісінше шынайы теңдік пен дүниетанымдық қақтығыстарды азайтуға қадам болады деп санайды.
Мақала тегтері






