Кіру

|

Тіркелу

Сәтбаевта қандай көшелер жөнделеді?

Жарияланған күні: 02.04.2025, 17:58

Автор: Рахимжанова Жамиля

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2025 жылы 8 көшені орташа жөндеу және 1 көшені күрделі жөндеу жоспарланған.

 

Жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 7,53 шақырым жолдарды қамтиды. Жөндеу жұмыстарына 632 млн теңге кетеді.

 

- Ұлытау көшесінен №1 жылу стансасына дейін, 780 м;
- мұсылман және православ зираттарына апаратын жол, 3,87 км;
- Горький көшесі, Ерден көшесінен Булкышев көшесіне дейін, 440 м;
- Асатов көшесі, Ерден көшесінен Наурыз көшесіне дейін, 370 м;
- Әуезов көшесі, Ерден көшесінен Сәтбаев даңғылына дейін, 690 м;
- Бокин көшесі, Алаш көшесінен соңына дейін, 570 м;
- Жәлел көшесі, Ерден көшесінен Бұлқышев көшесіне дейін - 440 м.

 

Абай көшесінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, қазір мемлекеттік сараптамаға жобалау-сметалық құжаттаманы тапсыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысқа шамамен 1 млрд теңге қажет болуы мүмкін. Сәтбаевтың Көлік және жолдар бөлімінің ақпараты бойынша, Ұлытау көшесінен Сәтбаев даңғылына дейінгі жол учаскесін 2 метрге кеңейту, сондай-ақ көше бойында су өткізу науаларын орнату жоспарланған.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.