Сәтбаев қаласында осы жылдың мамыр айында күрделі жөндеуге уақытша жабылған 140 орындық бөбекжай қолдануға қайта берілді. Аталған ғимарат 1966 жылы салынғалы бірінші рет жаңартылып отыр.
Ғимараттың есік-терезесі, шатыры мен едені жаңартылды. Сондай-ақ, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді, өрт дабылы, су, жылу, кәріз құбырлары мен желдеткіш жүйесі орнатылды. Сонымен қатар, балабақша аумағы абаттандырылып, ойын алаңы жаңартылды.
Мақала тегтері






