1-7 шілде аралығында Орал қаласында ардагерлер мен жастар арасында классикалық пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды etozhez.
Полиция майоры Алмас Әлменбаев Сәтбаев полиция бөлімінде жедел кезекші болып жұмыс істейді.
Ол мына сайыстарда жеңіске жетті:
* Абсолютті біріншілікте алтын медаль;
* Алтын медаль;
* Жүрелеп отырып көтеруден алтын медаль;
* Жатып көтеруден алтын медаль;
* Тұра тартуда алтын медаль.
Сонымен қатар, Әлменбаев М1 шебер (40-49 жас) санатында ҚР абсолютті чемпионы атанды.
Айта кетері, майор чемпионатқа дейін штанганы жатып көтеруден ҚР спорт шебері, классикалық пауэрлифтингтен күштік үшсайыстың спорт шеберіне кандидат атағын алды.
Мақала тегтері






