Кіру

|

Тіркелу

Сәтбаев қаласындағы өрт: Мұратбаев көшесінде көлікжай өртенді

Жарияланған күні: 15.07.2024, 15:00

Автор: Мусабаева Карина

Өрт қоқыстың тұтануынан басталып, 30 шаршы метрді шарпыған, деп хабарлайды etozhez.

 

«Сағат 18:23-те Мұратбаев көшесінің бойында көлікжайдың жанып жатқаны, көлікжайдың ішінде 30 шаршы метр алаңда қоқыстың жануы орын алғаны туралы хабар келіп түсті. 18:45-те өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамының 7 адамы мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды. ТЖД қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 20 минут ішінде сөндірілді», - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

 

Зардап шеккендер жоқ.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.