Жақында біз Жезқазған мамандандырылған соты санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істегені үшін "Әдемі" балабақшасына 68 810 теңге айыппұл салынғаны туралы жазған болатынбыз.
Бұл балабақшада, ата-аналардың сөзіне қарағанда, балалар кереует жетіспей еденде ұйықтап жатқан, ал ғимаратты құмырсқалар мен тарақандар қаптаған.
Санэпидембақылау басқармасының хабарлауынша, анықталған бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБК-нің 425-бабының, 1-бөліміне сәйкес мекемеге ҚР ӘҚБК-нің 811-бабы бойынша 900 мың теңгеге айыппұл салынып, қысқартылған өндіріс бойынша айыппұл 50%-ға, яғни 452 180 теңгеге дейін азайтылды.
"Кәсіпкерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, орындалуы басқарманың бақылауында", - деді басқармада.
Қазіргі уақытта балабақша жұмыс істемейді.
Мақала тегтері