"Металлург" құрамында Гагарин Кубогының иегерлері атанған Никита Михайлис пен Валерий Орехов Кубокты 4 шілдеде Сәтбаевқа әкеледі, деп хабарлайды etozhez.
ҚХЛ бас жүлдесі Сәтбаевқа Тәуелсіздік даңғылы, 26 мекенжайы бойынша орналасқан "Қазақстан" спорт сарайына әкелінеді. Сол жерде 14:30-дан 16:30-ға дейін жанкүйерлермен, жас спортшылармен және ата-аналармен кездесу өтеді.
Сондай-ақ, хоккейшілер "Металлург" стадионында жергілікті Ulytau командасының "Алтай" командасына қарсы футбол матчына келеді.
Естеріңізге сала кетейік, "Металлург" ҚХЛ финалында "Локомотив" командасын 4:0 есебімен жеңген болатын. "Магнитка" құрамында қазақстандық хоккейшілер Никита Михайлис, Максим Мұхаметов пен Валерий Орехов өнер көрсетті.
Мақала тегтері






