Су ресурстары министрлігінде Қазақстанның су қоймаларының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.
Ведомствоның мәліметінше, 31 наурыздаға жағдай бойынша Кеңгір су қоймасынан секундына 4,86 текше метр су ағызылады. Еліміздің басқа өңірлеріндегі су қоймаларымен салыстырғанда бұл көрсеткіш аз, мысалы, Абай облысында секундына 750 текше метр су, ал Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл су қоймасынан секундына 640 текше метр су ағызылады.
Су көктемгі тасқын суларды қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін ағызылады, яғни осылайша қар еріген кезде су қоймалары толып кетпейді.
Мақала тегтері