Биылдан бастап бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды тапсыру мерзімі өзгермек. Енді оқушыларды қабылдау 27 мамырдан 31 тамызға дейін жүреді.
Бұрын құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталатын. Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға ыңғайлы болу үшін шаралар қабылданғанын хабарлайды.
Бірінші сыныпқа құжаттарды egov.kz арқылы тапсыруға болады. Ол үшін:
- порталға кіріп, "орта білім" парақшасында "білім" бөліміне өтіп, қажетті қызметті таңдау керек;
- міндетті жолдарды толтырып, тиісті файлдарды тіркеу керек.
Бірінші сыныпқа түсуге қажет құжаттар:
- ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші;
- №065-у нысанды медициналық анықтама;
- №052-2/у нысанды баланың денсаулық паспорты;
- 3×4 см баланың суреті.
Мектептің жауабын жеке кабинеттен көруге болады.
Мақала тегтері






