Редакциямызға көпбейінді аурухананың травматология бөлімінің дәрігерін кезекте ұзақ күтуге мәжбүр болған жезқазғандықтар хабарласты.
"Асанов Ербол Медетбекұлы деген мырзаны қанша адам күтіп отыр, ол болса жұмыста жоқ. Медбике де, дәрігердің өзі де жоқ. Қанша адамда кезекте тұр, көбі келу үшін жұмыстан сүранып кетті", - дейді ер адам бейнежазбада.
Белгілі болғандай, травматолог дәрігер Ербол Асанов науқастарды аурухананың емханасында қабылдап жатқан, бірақ шүғыл түрде қабылдау бөліміне шақырылған.
"Дәрігер емханада науқастарды қабылдап жатқан кезде шұғыл науқас келіп түскендіктен қабылдау бөліміне шақырылды. Осы кезде 2 травматолог ота жасап жатты. Қысқа үзілістен кейін емханада қабылдауды басқа травматолог дәрігер жалғастырды. Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп атап өтті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.
Мақала тегтері