Жезқазғандықтар арасында әйел мен баланың басына үлкен мұз кесегі құлаған видео тарап кетті. Видео болса бұл Жезқазғанда "Траст" дүкенінің жанында болған деп тарап жатыр.
Полиция департаментінде бізге бұл оқиға шынымен болғанын, бірақ бізде емес, Махачкала қаласында болды деп мәлімдеді.
Дағыстан бойынша ТК ТБ баспасөз қызметі жазғандай, бұл оқиға осы жылдың 3 наурызында болды. Көпқабатты үйдің төбесінен баласымен келе жатқан анаға мұз кесегі құлады. Олар тірі, ауруханаға жатқызылды. "Аргументы и факты" басылымының хабарлауынша, әйел ми мен бас сүйегінің жарақатын алған.
Тергеушілер қылмыстық іс қозғады.
Ғимараттың жанынан өтіп бара жатқанда абай болыңыз.
Мақала тегтері