Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды etozhez zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, бүгінде еліміз бойынша сот орындаушыларының өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 291 мың іс бар. Оның ішінде 281 мың борышкер – ер адамдар, 11 мыңнан астамы – әйел адамдар.
"2024 жылдың басында проблемалық алименттер саны 20,7 млрд теңгеге 16 197 өндірісті құрады, қазіргі уақытта проблемалық алименттер 21%-ға дейін (сомасы 35%-ға дейін), яғни 13 млрд теңгеге 12 883 өндіріске дейін төмендеді. Орташа есеппен алғанда, алиментті өндіріп алуға қатысты 95%-дан астамы сот орындаушыларының талаптарын еш қиындықсыз орындайтын жұмыс берушілердің бухгалтерлік қызметтері арқылы өндіріледі", - деді Уәли статистиканы келтіре отырып.
Мақала тегтері