Кіру

|

Тіркелу

2026 жылы Жезқазған-Қарағанды бағыты бойынша әуерейстері орындалмайды: әуетасымалдаушы табылмады

Жарияланған күні: 14.04.2026, 12:15

Автор: Рахимжанова Жамиля

2026 жылы да Жезқазғаннан Қарағандыға ұшақ ұшпайды. Біз ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сұрау салдық, онда бізге компаниялардан өтінімдердің болмауына байланысты әуетасымалдаушысы тағайындалмағанын айтты.

 

"ҚР әуекомпаниялары жолаушылар сұранысын, коммерциялық орындылығын және өзінің маршруттық саясатын талдау негізінде тұрақты рейстерді ашу және орындау туралы шешімді өз бетінше қабылдайды. Комитет 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде белгіленген шекті тарифті 13 000 теңге деңгейінде белгілеп, аптасына 4 рейс жиілігімен Жезқазған – Қарағанды – Жезқазған бағыты бойынша әуерейсін субсидиялауды көздейді. Сонымен қатар, 2026 жылы аталған маршрут бойынша әуетасымалдаушыны анықтау бойынша конкурстық рәсімдер 4 рет өткізілгенін хабарлаймыз. Алайда, әуекомпаниялардан өтінімдердің болмауына байланысты конкурстар өткізілген жоқ", - деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

 

ААК хабарлағандай, Көлік министрлігі әуекомпаниялармен келіссөздер жүргізуді жалғастырып жатыр. Дегенмен, нақты мерзімдер мен басқа да толығырақ ақпаратты күткен жөн.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.