Кіру

|

Тіркелу

Жұмыскерлерге арналған тұрғын үй: Қазақмыс алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті

Жарияланған күні: 06.04.2026, 15:32

Автор: Рахимжанова Жамиля

"Қазақмыс" корпорациясы тұрғын үймен байланысты алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті. Қаскүнемдер сенімге кіру және жеке деректерді алу үшін банктердің, компанияның немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін.

 

Әлеуметтік желілерде пәтерге келген кезек немесе тұрғын үйді ресімдеу туралы хабар келсе бұл фейк.

 

Компанияда Қазақмыс қызметкерлері үшін тұрғын үй беру бойынша барлық шаралар мессенджерлер мен бөгде қоңырау шалу арқылы емес, тек ресми тәртіппен компанияның уәкілетті бөлімшелерінде жүретінін мәлімдеді.

 

Нені білу керек?
- корпорация қызметкерлері құпиясөздерді, кодтарды және шот деректерін сұрамайды;
- ақшаны қауіпсіз немесе басқа біреудің шоттарына аудару деген - алаяқтықтың белгісі;
- шұғыл және үрейге толы хабарларды қосымша тексеру керек.

 

Өзіңізді қаскүнемдер әрекетінен қалай қорғауға болады?
- күдікті қоңыраулар мен хабарларға жауап бермеңіз;
- жеке деректеріңізді бермеңіз және бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз.

 

Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.