Қайғылы оқиға Жәйрем кентінде орын алды. Төрт баланың анасына 20 рет пышақ салынған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бірге тұрған 33 жастағы азамат қылмысты жасады деген күдікке ілінді. Ол сондай-ақ өзін жарақаттамақ болған, бірақ аман қалып, ауруханаға жатқызылды. Қазір ол ауруханада, емдеу аяқталғаннан кейін тергеу изоляторына қамалады.
Қаза тапқан әйелдің жақындары әділ тергеуді талап етеді және жетім қалған балаларды өз қамқорына алуға ниетті.
Мақала тегтері






