Кіру

|

Тіркелу

17 жасар жезқазғандық Қарағандыда кондитерлік дүкен ашты

Жарияланған күні: 10.06.2026, 17:15

Автор: Рахимжанова Жамиля

Әбдінұр Жамбыл кәсіптегі жолын 13 жасында бастаған. Жасөспірім пандемия кезінде YouTube-тегі бейнежазбалар арқылы торт дайындауды үйренген.



Ал 15 жасында хоббиі кәсіпке айналды. Әбдінұр өзінің бенто торттарын ағасының гүл дүкенінде сатқан. Онда ол алғаш рет сатып алудан бастап командамен жұмыс істеуге дейінгі бизнес-процестермен танысты.



Арман қуған жас кондитер жоғары оқу орнына оқуға түсуден бас тартты.



Болашақ цехын кездейсоқ тапқан: көшеде келе жатып, жалға тапсыру туралы хабарландыруды көріп қлған. 5 минут өте келе үй-жай иесі оны Әбдінұрға көрсетіп жатты.



Цехты ашуға 4 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды, оның жартысын Әбдінұр өзі жинады. Қалғанын ата-анасы арқылы несиеге алып, өзі төлеп отырған. Басында Әбдінұр үй-жайды өзі тазалап, торттарды жасап, бизнесті жалғыз өзі жүргізген.



Әбдінұрдың достары мен туыстары оның алғашқы қызметкерлері болған. Бірақ бұл нәтиже бермеді, себебі дос-туыстары торттарды жеп, кассадан ақша алып отырған. Әбдінұр кәсіби кондитер аспазды жалдаған кезде субординация құрылды.



Бірақ жағымсыз жағдайлар да орын алды: тұрақты серіктестердің бірі шоколадпен қапталған 900 құлпынай мен 50 бенто тортына үлкен тапсырыс беріп, ақысын төлемеген. Полицияға хабарласып, алдын-ала төлем алудың қатаң саясатын енгізуге тура келді.



Биыл Әбдінұр университетке экономист-бухгалтер мамандығына оқуға түсті. Оның командасында 9 адам істейді, ал ең қымбат торт 290 мың теңге тұрады.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.