Өңір экономикасы 2026 жылдың басынан бері 20,3%-ға өсті.
Ағымдағы жылдың басынан бері Ұлытау облысының экономикалық өсу қарқыны 120,3%-ды құрады, бұл өңірімізге осы көрсеткіш бойынша республика бойынша екінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Салыстыру үшін: өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 96,8%-ды құрады, ал облыс бұл көрсеткіш бойынша 19-орында тұрған.
Бұл өсім экономиканың негізгі салаларындағы оң динамикамен түсіндіріледі. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстарының көлемі 3,7 есеге, негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,6 есе, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 15,7%-ға, ал тұрғын үйді пайдалануға беру 8,7%-ға өсті.
Аталған көрсеткіштер өңірдің тұрақты дамуын, оның экономикалық әлеуетінің нығаюын және инвестициялық тартымдылығының артуын айғақтайды, деп атап өтті Ұлытау облысының әкімдігінде.
Мақала тегтері






