Білім·2 жыл бұрын

Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

Соңғы күндері БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қазақстанның Жоғарғы Соты мектептерде орамал тағуға рұқсат бергені туралы ақпарат тарап кетті. Алайда, бұл шындыққа жанаспайды.

Жоғарғы Сот оқушының орамал тағуына байланысты сабаққа қатыстырылмауына байланысты істі қараған.

"Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады.", - деп атап өтті Сот.

Мектеп формасына қойылатын талаптар бейінді министрліктің құзыретінде қалады және тиісті бұйрық заңсыз деп танылған жоқ. Ата-аналар мектеп ережелерін, соның ішінде киім нормаларын сақтауға міндетті.

Бөлісу

Қате таптыңыз ба немесе көбірек білесіз бе?

Пікірлер 0