Еліміздің түрлі өңірлерінде оливье салатын дайындауға қанша ақша кететіні есептелді - Жезқазған салатқа ақша көбірек жұмсалатын өнірлер қатарына кірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Есептеу кезінде тағамның картоп, сәбіз, жұмыртқа, маринадталған қияр, ас бұршақ, майонез, ақжелкен және шұжық сияқты негізгі ингредиенттері есептелді.
Өнімдердің құны Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес алынды. Жезқазғандықтарға орташа есеппен алғанда 4 порцияға арналған ингредиенттерге:
шұжық - килограмына 3,3 мың теңге, салат үшін 300 граммға 1,1 мың теңге;
жұмыртқа - 614 тг, салатқа салуға керек 4 дана үшін 245 тг;
картоп - килограмына 225 тг, 300 граммға 75 тг;
сәбіз - килограмына 200 тг, бір данасына 25 тг;
қияр - килограмына 1283 тг, 4 дана үшін 513 тг;
майонез - килограмына 2253 тг, салатқа салуға 100 грамм үшін 225 тг;
бұршақ - шамамен 626 тг.
Бәрін қосқанда 2,8 мың теңге шықты. Тек Ақтау (3 мың тг) мен Алматыда (2,9 мың тг) салат құны бізге қарағанда қымбатырақ шығады. Салаттың ең қолжетімді құны Орал қаласында (2200 теңгеге жуық) тіркелген.
Мақала тегтері






