Екі жасар Алиса ішім қатты ауырып тұр деген соң, сол түні анасы баланы алып, көпбейінді ауруханаға барған, онда дәрігерлер қызды қарап тексерген. Әйелдің сөзіне қарағанда хирург бұл аппендицит емес деген, ол болса керісынше бұл аппендицит болуы мүмкін деп санаған, себебі бала оң жақ бүйірін ұстаған. Алисаға дәрігерлер спазмолитик салып, үйге жіберді, дейді баланың анасы.
Алайда, спазмолитик көмектеспегендіктен таңертең балақай қайтадан ауруханаға келген. Алисаның анасы хирург бұл аппендицит емес деп іш қуысына ультрадыбыстық зерттеу жүргізуден бас тартқанын және қалалық инфекция орталығына баруды ұсынғанын айтады. Бұл 5 желтоқсан, жұма күні болатын. Қалалық инфекция орталығында дәрігерлер ультрадыбыстық зерттеу жүргізу үшін дүйсенбіге дейін күту керек деген. Содан кейін ғана барып қызға жіті перитонит диагнозы қойылды.
Балаға ота жасалды. Анасының сөзіне қарағанда, Алиса 6 күн аппендицитпен ауырған. Қазір балапан жан сақтау бөлімінде осымен төртінші күн жатыр.
"Мен хирургтан сол түні ультрадыбыстық зерттеу жүргізіп, аппендициттің перитонитке ұласқанын көре алар ма еді деп сұрадым. Ол иә деп жауап берді. Мен одан неге онда жасамадыңыз деп сұрақ қойдым? Ол: "өтінемін, кешіріңізші" деп жауап берді маған, - дейді Алисаның анасы.
Қазір Алисаның анасы Жезқазған дәрігерлеріне сенуден қалды. Ол басқа қалалардың дәрігер мамандарынан жағдайға назар аударып, кішкентай қызына көмектесуін сұрайды.
Біз түсініктеме алу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарластық. Олар баланың аппендиксі ерекше орналасуына байланысты аппендицит диагнозы уақтылы қойылмаған деп түсіндірді. Қыздың жағдайы қазір бақылауда, тиісті ем жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ведомство.
Хирург қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза алды. Әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту Медициналық бақылау комитеті департаментінің құзыретіне жатады.
Мақала тегтері






