Кіру

|

Тіркелу

Қаражал жарықсыз қалды: Ұлытау облысы әкімдігінің жауабы

Жарияланған күні: 18.12.2025, 17:42

Автор: Рахимжанова Жамиля

Қаражал қаласының тұрғындары жарықсыз отырғандарына екі күн болды, деп хабарлайды @karazhal_life. Үйлердің көпшілігі электр сорғыларына тәуелді пеш жағып жылытылады. Қазірдің өзінде жылыту жүйелері қатып, құбырлар жарылып жатыр.

 

Ұлытау облысы әкімдігінің мәліметінше, 17 желтоқсан күні сағат 9:50-де ауа райына байланысты электр желілерінде апат болған. Бүгін таңғы 5:00-ге дейін электрик мамандар жұмыс істеген, осыған байланысты электрмен жабдықтау ішінара қалпына келтірілді. Қазір 385 абонент жарықсыз отыр, олардың арасында әкімдік, Қазпошта, МҮ және № 1 мектеп бар. Өңір әкімінің орынбасары Ұлантай Үсеновтың сөзіне қарағанда, мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.