Ішкі істер министрлігі азаматтарды алаяқтардың "мерекелік" айлалары туралы ескертеді.
Алдаудың тағы бір әдісі - қауіпті вирусы бар жаңа жылдық онлайн ашықхаттар. Файлды ашқан кезде алаяқтар банктік карталар мен мобильді қолданбаларға қол жеткізе алады.
Алаяқтар сондай-ақ хабарландырулар арқылы да жұмыс істейді, мысалы тауарды арзанға ұсынып, ақшаны шұғыл аударуға иландырады, төлем жасалғаннан кейін хабарландыру да сатушы да ізім ғайым болады.
Тауарды алған кезде төлеп, тексерілген дүкендерді таңдаңыз және белгісіз адамдар жіберген файлдарды ашпаңыз. Apk кеңейтімі бар файлдарды бірден алып тастаған дұрыс.
Мақала тегтері






