Кіру

|

Тіркелу

Жезқазғанда дәрігерлер екі жасар баланың тыныс алу жолдарынан жаңғақ алып шықты

Жарияланған күні: 17.11.2025, 15:19

Автор: Рахимжанова Жамиля

Жезқазған ауруханасына дем жетпей ентіккен екі жасар бала жеткізілді. Оның тыныс алу жолдарынан жаңғақ табылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасында айтып берді.

 

Бөгде затты алып шығу операциясын эндоскопист мамандар Мәжит Әбдіқадыров пен Алиджан Беккулиев, сондай-ақ хирургтар Бауыржан Ешжанов пен Нұртілек Құлымжанов жүргізді.

 

Кішкентай пациент балалар хирургиясы бөліміне жатқызылды, қазір жағдайы жақсы.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.