Мәжілісте ЛГБТ насихаттауға тыйым салу туралы түзету қабылданды. Бұл медиада насихат элементі табылған контент туралы сөз қозғау заңсыз болуы мүмкін дегенді білдіреді.
Мәдениет министрлігі хабарлағандай, ЛГБТ контент бар фильмдер мен кітаптар 18+ және 21+ жас үшін деп белгіленеді. Егер материалдан насихат табылса, онда ол сот шешімі бойынша бұғатталады.
Түзету күшіне енуі үшін заң жобасын сенат мақұлдап, оған президент қол қоюы керек. Бұл жағдайда фильмдер үгіт-насихаттың бар-жоғына тексеріледі, ал берілген прокат куәліктері қайтарып алынады. Яғни, "Squid Game" және "Stranger things" сияқты танымал сериалдарға тыйым салынуы мүмкін.
Мақала тегтері






