Мәдениет министрлігі Tengrinews.kz сауалына берген жауабында интернет кеңістігіне ұсынылған бірқатар өзгерістер жайлы айтып берді.
Біріншіден, анонимді Телеграм-арналарға айыппұл салынуы мүмкін. Тиісті органдар заңсыз контентті жариялайтын арналарды сәйкестендіру әдістерін әзірлемек.
Екіншіден, ведомство "коучтер" мен оқыту контентін жасайтын блогерлерді диплом мен сертификат беруге міндеттеуді ұсынады.
Үшіншіден, Министрлік ірі әлеуметтік желілерді егер олар ведомствоның талабы бойынша деструктивті контентті жоймаса айыппұл салып немесе трафикті бәсеңдетіп жауапкершілікке тартқылары келеді.
Сонымен қатар, Мәдениет министрлігі әлеуметтік желілердегі балағат сөздер үшін 80 АЕК айыппұл салуды ұсынып отыр.
Мақала тегтері






