Кіру

|

Тіркелу

Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының бірқатар көшелерінің жолы жөнделмек

Жарияланған күні: 02.03.2026, 14:18

Автор: Рахимжанова Жамиля

Өңір қалаларында жолдарды ауқымды жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды облыс әкімдігі.



Жезқазғанда 13 көшеге жаңа асфальт төселетін болса, 12 шағын ауданда аулаішілік жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.



Сондай-ақ, ұзындығы 4,3 шақырым учаскеде жаңа жол таңбасы салынып, 130 жол белгісі орнатылады. Жұмыстар 1 мамырда басталмақ.



Сәтбаев қаласында орташа жөндеу жалпы ұзындығы 20 шақырым болатын 25 көшеде жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары басталғанға дейін жұмысшылар суық асфальт төсеуге кіріседі.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.