Жезқазған көшелерін мал қаптап барады: Қала орталығында екі жағдай байқалды

Etozhez редакциясына 91-орамда тұратын Айжан Смайылова хабарласты. Кеше Айжанның ауласына шақырылмаған төрт аяқты қонақтар келіп, бақшасын таптап кеткен.
"Аулама жылқылар келді. Сиыр, қой деген де келіп тұрады. Олар бүкіл ағаштарды, гүлдерді, бәрін таптап, ластап кетті. Иелері неге қарамайды малына? Қанша жыл болды осылай жүргенімізге", - деп қынжылады Айжан.
Белгілі болғандай, көршілерде ортақ чат бар және аталған мәселеге олардың бәрі тап болып отыр.
"Жалғыз мен ғана шағымданып отырғаным жоқ, ортақ чатты ашсаңыз ол ұқсас фото мен бейнеге толы. Мен қала әкіміне директке жаздым, Facebook-тегі парақшада жарияладым, бірақ ешбір нәтиже жоқ. Өткен жылдан бері көріп отырғанымыз осы!"- деді ол.
Сонымен қатар, қала тұрғындары кеше таңертең Жезқазғанның қақ ортасында үш-төрт сиырды байқап қалды. Малды жайлауда емес, "Жеңіс" қалалық саябағында бағып жүр. Полицейлер шара қолдануға уәде берді.
Бөлісу
Пікірлер 0
Пікір қалдыру үшін немесе