Денсаулық сақтау·1 жыл бұрын

Жезқазған дәріханаларының біріне заңсыз дәрі-дәрмек сақтағаны үшін 550 мың теңге айыппұл салынды

Жезқазған соты қала дәріханаларының бірін Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өтпеген және тауарды куәландыратын құжаттары жоқ дәрі-дәрмектердің 40 қаптамасын сақтағаны үшін жауапқа тартты.

Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Дәріхана өкілі кінәні мойындап, құқық бұзғанын заңды білмегендігімен түсіндірді. Мекемеге 550 мың теңге айыппұл салынды. Дәрі-дәрмектер тәркіленіп, жойылады.

Бөлісу

Қате таптыңыз ба немесе көбірек білесіз бе?

Пікірлер 0