Облыс тұрғындары табысының көп бөлігін тамаққа жұмсайды. Қазақстандықтардың әл-ауқаты төмендеуде, деп хабарлайды finprom.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың шілде-қыркүйек айларында тұрғындар табысының 57%-дан астамын тамаққа жұмсаған. Айта кетері, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10-15%-дан аспайды.
Табысының жартысынан көбін тамаққа жұмсау деген өте жоғары көрсеткіш, дейді сарапшылар. Пандемия кезінде қазақстандықтар локдаун салдарынан табысынан айырылған кезде бұл көрсеткіш одан да жоғары болған.
Мақала тегтері






