Кіру

|

Тіркелу

Ұлытау облысында қару-жарақты иемденген экс-полицей сотталды

Жарияланған күні: 05.02.2026, 15:08

Автор: Рахимжанова Жамиля

Полицияның қару-жарақ айналымын бақылау жөніндегі бұрынғы инспекторы сыбайлас жемқорлықпен айналысқан, деп хабарлайды кассациялық соттың баспасөз қызметі.

 

Ол бірнеше жыл бойы тұрғындар кәдеге жарату үшін тапсырған қаруды иемденіп келген Жеті мылтық кезінде арнайы қоймаға тапсырылмаған. Сотталушы оларды ешбір құжат рәсімдеместен үйіне алып кеткен.

 

Сондай-ақ, қару-жарақ иелерінен пара алып отырған. Бұрынғы полиция қызметкері ақшалай сыйақыға айыппұлға қатысты "мәселені шешуді" ұсынған.

 

2024 жылдың желтоқсанында Жезқазған соты сотталушыны 5 жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салған. Алайда облыстық сот жазаы жеңілдететін мән-жайларға байланысты үкімді шартты түрде айыптауға өзгерткен. Кассациялық сот бұрынғы полицейдің қылмысы сыбайлас жемқорлыққа қатысты болғандықтан соңғы қаулының күшін жойған. Бұрынғы полиция қызметкері жазасын колонияда өтейді.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.