Ұлытау облысы·2 жыл бұрын

Ұлытау облысында көлемі 5 мың шаршы метр мұнай базасы салынып жатыр

Облыста отын тапшылығының алдын алу мақсатында жанар-жағармай материалдарының көп мөлшерін сақтау базасының құрылысы басталды, деп хабарлайды etozhez.

Облыс әкімдігінде атап өткендей, бұл құны 4,5 млрд теңге болатын инвестициялық жоба.

Сонымен қатар, жаңа мұнай базасында жазғы және қысқы дизель отыны, сондай-ақ АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин сақталады.

Бұдан басқа, отын облыстың бірқатар жанармай құю бекеттеріне жөнелтіледі, деп сендірді әкімдікте.

Айта кетері, жобаның жалпы ауданы 7 гектарды құрайды, мұнай базасын пайдалануға беру 2025 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.

Бөлісу

Қате таптыңыз ба немесе көбірек білесіз бе?

Пікірлер 0