Кіру

|

Тіркелу

Ұлытау облысы әкімінің жаңа орынбасары болып Нұртас Қарипбаев тағайындалды

Жарияланған күні: 30.12.2025, 17:47

Автор: Рахимжанова Жамиля

Ол экономика, қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, мемлекет есебінен сатып алу, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, сондай-ақ денсаулық сақтау мәселелеріне жетекшілік етеді.

 

Әкімнің жаңа орынбасары Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірді. Сондай-ақ, "Болашақ" бағдарламасы бойынша британ университетінде басқару және мемлекеттік саясат бойынша магистр дәрежесін алды. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында бизнес және басқару мамандығы бойынша оқыды.

 

Мансап жолын Қарағанды облысы экономика басқармасының бас маманы ретінде бастаған. Сондай-ақ әкім аппаратының бас маманы болды және денсаулық сақтау мен кәсіпкерлік басқармаларында басшылық қызмет атқарды. Спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары, ал 2024 жылдан бастап осы комитеттің төрағасы қызметін атқарды.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.