Жезқазған ТЖ басқармасы көктемгі мұздың өмірге қауіпті екенін ескертеді.
Тұрғындарға:
- қар еріген кезде мұзға шықпаған жөн;
- мұзда балық аулауды доғарған жөн;
- мұз беріктігін аяқпен тепкілеп тексермеген жөн;
- бетінде жарықтар мен су бар мұз учаскелеріне жақындамаған жөн;
- балалардың су қоймасында ересектердің қарауынсыз болуына жол беруге болмайды.
Егер мұз астына түсіп кетсеңіз:
- Сабырлық сақтап, су бетінде қалу үшін қолыңызды екі жаққа жазып жіберіңіз.
- Аяғыңызды кезекпен шығарып, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз
- Келген жағыңызға қарай қозғалыңыз.
- Судан шыққаннан кейін орныңыздан тұрмаңыз, жағаға қарай еңбектеп, медициналық көмекке жүгініңіз.
Егер сіз біреудің мұз астына түсіп кеткенін көрсеңіз – құтқару қызметіне дереу қоңырау шалыңыз.
Мұз астына түсіп кеткен адамға еңбектеп жақындап, ұзын нәрсе (таяқ, шарф және т.б.) беріңіз, құтқарылған адамға жылынуға көмектесіңіз.
Әсіресе бөгеттерге жақын жерлерге, ағымы бар жерлерге, сондай-ақ қара дақтар мен жарықтар бар аймақтарға жақындамаңыз. Төтенше жағдай орын алғанда 112 немесе 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Абай болыңыздар!
Мақала тегтері






