Ұлытау облысы·2 жыл бұрын

Сәтбаевтық бөбекжайдағы антисанитария: үш аспаз жұмыстан шығарылды

№26 балабақшаға ("Қарлығаш" бөбекжайы) баратын балалардың ата-аналарының бірі білім беру мекемесіндегі жағдайға наразы. Оның айтуынша, бөбекжайды антисанитария жайлаған, балаларды бүлінген азық-түлікпен тамақтандырып жүр екен, деп хабарлайды etozhez.

"Сәтбаев қаласындағы №26 балабақшаның жағдайы масқара. Біздің балалар не жеп жүр... Тексеру жүргізіңіздер, бұл антисанитария. Бөбекжайдың басшысы болса шара қолданар емес. Тәртіп орнатудың орнына әділеттілікті жақтайтын қызметкерлерді жұмыстан шығарып жатыр", - дейді ата-ана.

Бұл ретте, Сәтбаев қаласының Білім бөлімінде etozhez редакциясының сұрауына жауап берді. "Қарлығаш" бөбекжайында түсіріліп, желіде тарап кеткен фотосуреттер бұрын түсірілген деп сендірді.

"Суреттегі бұзылған алманы 2024 жылдың 19 сәуір айында бөбекжайға мердігер әкелген, алайда шаруашылық меңгерушісі ол алмаларды қабылдамады. Мердігер алманы ауыстырып берген. Басқа суреттер аспазшылар мен шаруашылық меңгерушісінің айтуы бойынша бұрын түсірілген.", - деп атап өтті бөлімде.

Айта кетері, қазіргі уақытта үш аспаз жұмыстан босатылып, жұмысқа басқа аспаздар қабылданды. Қазір балабақшаның жағдайы Білім бөлімінің толық бақылауында, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бөлісу

Қате таптыңыз ба немесе көбірек білесіз бе?

Пікірлер 0