Ұлытау облысы·1 жыл бұрын

Сәтбаевта қандай көшелер жөнделеді?

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2025 жылы 8 көшені орташа жөндеу және 1 көшені күрделі жөндеу жоспарланған.

Жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 7,53 шақырым жолдарды қамтиды. Жөндеу жұмыстарына 632 млн теңге кетеді.

  • Ұлытау көшесінен №1 жылу стансасына дейін, 780 м;
  • мұсылман және православ зираттарына апаратын жол, 3,87 км;
  • Горький көшесі, Ерден көшесінен Булкышев көшесіне дейін, 440 м;
  • Асатов көшесі, Ерден көшесінен Наурыз көшесіне дейін, 370 м;
  • Әуезов көшесі, Ерден көшесінен Сәтбаев даңғылына дейін, 690 м;
  • Бокин көшесі, Алаш көшесінен соңына дейін, 570 м;
  • Жәлел көшесі, Ерден көшесінен Бұлқышев көшесіне дейін
  • 440 м

Абай көшесінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, қазір мемлекеттік сараптамаға жобалау-сметалық құжаттаманы тапсыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысқа шамамен 1 млрд теңге қажет болуы мүмкін. Сәтбаевтың Көлік және жолдар бөлімінің ақпараты бойынша, Ұлытау көшесінен Сәтбаев даңғылына дейінгі жол учаскесін 2 метрге кеңейту, сондай-ақ көше бойында су өткізу науаларын орнату жоспарланған.

Бөлісу

Қате таптыңыз ба немесе көбірек білесіз бе?

Пікірлер 0