Жақын арада қазақстандықтар интернетте жасаған саудасын жариялауға мәжбүр болады. Сенат ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартқа түзетулерді ратификациялады.
Бұл хаттама Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, яғни Wildberries, Ozon және Қазақстанда ұсынылған басқа да маркетплейстерден сатып алынған тауарларға қатысты қолданылмайды. Бұл үшінші елдердің дүкендерінен (AliExpress, ebay, Temu) сатып алынған тауарларға қатысты.
Енді, ереже бойынша, қазақстандықтар, тауар құны 200 евродан қымбат немесе салмағы 31 кг-нан асатын болса, тауарды декларациялауға тиіс. Бұл ретте сатып алынған тауар құнының 15% мөлшерінде кедендік төлем төленеді.
Жаңа өзгерістерге байланысты барлық тауарларды, тіпті шұлықтар мен қаламдарды декларациялау керек, бірақ сатып алынған тауар бұрын көрсетілген шектеулерден аспаса, 5% кедендік баж салығын төлеудің қажеті жоқ.
Міндетті декларация шетелде сауда жасау жеке пайдалануға арналған заттар болып саналатындығына және сауда статистикасына кірмейтіндігіне байланысты енгізіліп отыр.
Декларация тауар беру пунктінде электронды түрде толтырылады. Декларацияда мыналарды көрсету керек:
- сатып алушы мен сатушы туралы деректер;
- тауардың сипаттамасы, оның құны, салмағы және коды.
Электрондық сауда операторлары (беру немесе жеткізу пунктінің қызметкерлері) оны сіз үшін толтырып бере алады, бірақ қызмет ақылы болуы мүмкін.
Бұл ретте Ұлттық экономика министрлігі қымбаттау шамалы болатынын айтты.
Түзетулер барлық мемлекетішілік рәсімдер аяқталғаннан кейін күшіне енеді.
Мақала тегтері