Әлем·2 жыл бұрын

Қазақстандық фильм халықаралық кинофестивальде үздік деп танылды

Қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың "Талақ" фильмі 26-шы Шанхай халықаралық кинофестивалінде бас жүлдені - "Алтын кубок" иеленді.

Сондай-ақ, басты рөлді сомдаған актриса "Үздік әйел рөлі" номинациясын жеңіп алды. Бұл сыйлықты картинада басты рөлді сомдаған Амира Омарова алды.

Фильмнің режиссері Данияр Саламаттың айтуынша, бұл фильмді жасауға 10 жыл кеткен. Фильмде әйелдердің отбасылық жағдайының өзгеруі және олардың қоғамдағы рөлі сияқты өзекті тақырыптар көрініс тапқан.

Байқауға 105 ел мен өңірден 3,7 мыңнан астам өтінім берілді. "Толықметражды көркем фильмдер" санатындағы бас жүлде үшін 14 фильм сайысқа түсті.

Шанхай халықаралық кинофестивалі 1993 жылдан бері өткізіліп келеді.

Бөлісу

Қате таптыңыз ба немесе көбірек білесіз бе?

Пікірлер 0