Қазақстан·1 жыл бұрын

Қазақстанда инфляция шарықтап барады

2025 жылдың ақпанында жылдық инфляцияның өсуі (9,4%) байқалады.

Бір айда инфляция 1,5%-ға өсті. Деректер Ұлттық статистика бюросынан алынған.

Ақылы қызметтердің бағасы 14,1%-ға, азық-түлік тауарлары - 6,5%-ға, азық-түлік емес тауарлары - 8,3%-ға қымбаттады.

Өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда коммуналдық қызметтердің бағасы да өсті:

суық су

  • 70,7%-ға; ыстық су
  • 14,5%-ға;
    электр энергиясы
  • 21%-ға;
    жылу
  • 18,2%-ға;
    газ және қоқыс шығару
  • 11,1%-ға

Азық-түлік қымбаттады:

картоп

  • 62,1%-ға;
    пияз
  • 27,3%-ға;
    қырыққабат
  • 20,2%-ға;
    алкоголь және темекі өнімдері
  • 13%-ға; 
    сары май
  • 12,2%-ға;
    шырындар
  • 10,6%-ға.
    ет
  • 6,2%-ға;
    жемістер мен көкөністер
  • 9,3%-ға;
    сүт өнімдері
  • 6,1%-ға

Сонымен бірге күріш, сәбіз және жұмыртқа бағасының төмендеуі байқалды, қарақұмық 20,4%-ға арзандады.

Жол жүру де қымбаттады:

Пойыз билеттері 20%-ға, әуе биллетері 12,5%-ға және автобус 10,5%-ға қымбаттады.

Бөлісу

Қате таптыңыз ба немесе көбірек білесіз бе?

Пікірлер 0