Қазақстан әйелдер құрамасы тарихта алғаш рет 10-23 қыркүйек аралығында Будапештте өткен 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды.
Қазақстандық шахматшы қыздар - Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман және Амина Қайырбекова 18 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. 19 ұпай жинаған Үндістан құрамасы чемпион атанды. Қола АҚШ командасына бұйырды.
Біздің команда 8 жеңіске қол жеткізіп, екі рет тең түсті және бір рет қана жеңілді. Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Амина Қайырбекова турнирде жеңілістің ащы дәмін татпады.
Шахмат Олимпиадасына барлығы 169 команда қатысты.
Мақала тегтері