Компанияда басқару және кадр саясатын реформалау басталды, деп мәлімдеді "Қазақмыс" басшысы Нұрахмет Нұриев.
Компания ішіндегі коммуникацияларды жақсарту және мәселелерді шешуді жеделдету мақсатында филиалдық жүйе қайта қаралатын болады.
Қайта құру шеңберінде басқарушылық деңгейдегі екі лауазым жойылады, сондықтан Олег Копытов корпорацияның бас директоры қызметінен кетеді. Бас директордың функционалы өндіріс және барлау мен геология сияқты екі блокқа бөлінеді. Бұл міндеттерді Саят Бакиров пен Ғалым Нұржанов атқаратын болады.
Барлық өндірістік кәсіпорындар технологиялық және географиялық принцип бойынша қайта құрылады. Маусым айына дейін корпорацияның жаңа құрылымында бас директордың мідетін атқарушы тағайындалған тәуелсіз бөлімшелер пайда болады:
• Жезқазған тау-кен өндірісі – Данияр Жаналинов;
• Шатыркөл-Жайсан тау-кен өндірісі – Жандос Сматаев;
• Нұрқазған тау-кен өндірісі – Мукан Унгитбаев;
• Балқаш тау-кен өндірісі – Нурканат Ретаев;
• Қарағайлы тау-кен өндірісі – Кайрат Шалмагамбетов.
"Қазақмыс" баспасөз қызметі жазғандай, жаңа жүйе әрбір бөлімшеге өндірістік, әлеуметтік және еңбек мәселелерін шешуде дербестік береді.
Мақала тегтері