Кіру

|

Тіркелу

Қаражалда қаржы қауіпсіздігі пен құқықтық мәдениетке арналған форум өтті

Жарияланған күні: 01.06.2026, 17:56

Автор: Рахимжанова Жамиля

Ұлытау облысының Қаражал қаласында "Заң мен тәртіп: әділ қоғамның негізі - қаржылық қауіпсіздігі және құқықтық мәдениет" ақпараттық-ағарту форумы өтті. Іс-шара мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдары өкілдерінің, жастардың және қала тұрғындарының басын қосты. Кездесудің басты мақсаты халықтың құқықтық сауатын арттыру және жиі кездесетін қылмыс түрлерінің алдын алу.



Форумды Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Полиция департаменті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті және "Ұлытау жастары" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Іс-шара жайлы өңірлік БАҚ өкілдері және "Ұлытау" телеарнасы репортаж жасады.



Форум барысында мамандар қатысушыларға бүгінгі таңда азаматтар тап болатын заманауи қауіптер туралы айтып берді. Қаржы қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тұрғындарға алаяқтар заңсыз тапқан ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін бөгдн тұлғалардың банк шоттарын пайдаланатын дропперлік схемалардың құрбаны болмау жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушыларға цифрлық гигиена ережелері мен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық тәртібі туралы ескертілді.



Тағы бір маңызды тақырып киберқауіпсіздік мәселесі болды. Сарапшылар жасанды интеллект технологияларын, соның ішінде дипфейктерді қолдану арқылы жасалатын алаяқтықтың қарқынды таралып жатқанын тілге тиек етті. Жиналғандарға мұндай алдау тәсілдерін қалай тануға болатыны және жеке деректер мен ақшалай қаражатты қорғауға қандай сақтық шаралары көмектесетіні түсіндірілді.



Форумның жеке блогы есірткі қылмысының алдын алуға арналды. Мамандар жастарға есірткінің заңсыз айналымы үшін көзделген жауапкершілік, мұндай қылмыстардың салдары және саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы айтып берді.



Алған білімдерін бекіту үшін ұйымдастырушылар интерактивті дәрістер, викториналар дайындап, өмірде орын алған нақты жағдайларды талқылады. Мұндай формат қатысушыларға пайдалы ақпарат алып қана қоймай, мамандарға сұрақ қоюға да мүмкіндік берді.



Форумның практикалық бөлігі жастардың ерекше қызығушылығын тудырды. Кинолог мамандар есірткі заттары мен тыйым салынған заттарды іздеу кезіндегі қызметтік иттердің жұмысын көрсетті. Бұдан бөлек, арнайы мақсаттағы бөлімше сарбаздары тактикалық дайындық элементтері мен құқық бұзушыларды ұстау әдіс-тәсілдерін паш етті.



Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, жеке және қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, сондай-ақ кең таралған қылмыс түрлерінің алдын алуға көмектеседі. Цифрлық технологиялар қарқынды дамып жатқан заманда мұндай форумдар мемлекеттік органдар мен өңір тұрғындары арасындағы ашық тілдесудің маңызды алаңына айналып отыр.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.