Денсаулық жағдайына байланысты көлік басқаруға болмайтын Қаражал тұрғыны мектеп автобусының жүргізушісі болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Бас прокуратура. Бұрынғы қызметкер есту қабілеті нашар, жеңіл дәрежелі ақыл-ой кемістігі бар деген диагнозбен диспансерлік есепте тұрады, оған қоса жүргізуші куәлігінен айырылған. Ол жұмыстан шеттетілді.
Автобусты 129 бала мініп жүрген.
Мектеп басшысы бұрынғы жүргізушінің туысы болып шықты. Әңгіме қай мекеме жайлы екені ашып айтылмады.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мақала тегтері






