Мүгедек балаларға арналған тегін такси: қызметті қалай алуға болады

Жезқазғандықтар мүгедек балаларға арналған такси қызметін пайдалана алады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген ауыр психикалық бұзылыстары (2–3 дәрежелі) бар адамдар көмек ала алады.
Ол үшін кеңседе өтініш жазып, мынадай құжаттарды алып келу керек:
- ата-анасының/қамқоршысының жеке куәлігінің көшірмесі;
- туу туралы куәлік;
- мүгедектік туралы анықтама;
- ДКК 026/У анықтамасы
Диспетчерлік қызмет өтінімдерді бір күн бұрын қабылдайды.
📍 Анарқұлов к-сі, 12, 2-қабат
Дс-жм 9:00-ден 17:00-ге дейін
Демалыс күндері 10:00-ден 13:00-ге дейін
Бөлісу
Қате таптыңыз ба немесе көбірек білесіз бе?
Пікірлер 0
Пікір қалдыру үшін немесе