Қазақстан·10 ай бұрын

Елімізде паспорт пен куәлік қымбаттайды

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК 4 325 теңгеге дейін ұлғаюына байланысты құжаттарды ресімдеу қымбаттайды.

2026 жылдан бастап мемлекеттік баждар өседі:
бала паспорты

  • 17,3 мың теңге (4 АЕК);
    36 беттен тұратын кәдімгі паспорт
  • 34,6 мың теңге (8 АЕК);
    48 беттен тұратын паспорт
  • 51,9 мың теңге (12 АЕК);
    жеке куәлік
  • 865 тг (0,2 АЕК);
    жүргізуші куәлігі
  • 5406 тг (1,25 АЕК);
    некені тіркеу
  • 4325 тг (1 АЕК)

Туу туралы куәлікті беру тегін қалады. 

Құжаттарды тегін рәсімдей алатын азаматтар санаты: 

  • ел қаһармандары мен жоғары мемлекеттік наградалары бар адамдар;
  • құрмет атағы бар көп балалы аналар;
  • соғыс ардагерлері мен соғыс қимылдарына қатысушылар;
  • мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалардың ата-аналары;
  • әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар;
    -жетім балалар мен толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі балалар;
  • Чернобыль апатынан зардап шеккендер

Бөлісу

Қате таптыңыз ба немесе көбірек білесіз бе?

Пікірлер 0