Кіру

|

Тіркелу

Жезқазғанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаңа орталық жұмысын бастады

Жарияланған күні: 02.06.2024, 09:00

Автор: Мусабаева Карина

Жезқазғанда алғаш рет 18 жастан асқан ерекше жандарға арналған орталық ашылды, деп хабарлайды etozhez.

 

18 жастан 30 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар адамдардың күндізгі болуын жүзеге асыру үшін ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған орталық "Ұлытау-Мейірім" қоғамдық қоры жанынан құрылды.

 

Орталық күндізгі уақытта психологиялық-педагогикалық көмек пен арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған. Орталықтың орналасқан жері: Тимирязев, 2а.

 

Орталық мынадай қызметтерді көрсетеді:

  • әлеуметтік-тұрмыстық;
  • әлеуметтік-медициналық;
  • әлеуметтік-психологиялық;
  • әлеуметтік-мәдени.

 

Қызмет алушылардың болу уақыты – 9:00-ден 17:00-ге дейін. Сондай-ақ, күніне үш рет тамақтану кіреді: таңғы ас, түскі ас және бесіндік.

 

Сонымен қатар, орталықта қызығушылықтары бойынша клубтар болады және қызмет алушылар экскурсиялар, пикниктер, ойын сабақтарына қатыса алады.

 

Айта кетері, орталықта қызмет алушылардың денсаулығын бақылайтын, оларға уақтылы дәрі беріп, массаж жасайтын медбикелер бар.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.