Білім беру гранттары университет лигасына қарай бөлінеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды kazinform.
2025 жылғы 1 сәуірден бастап ЭЫДҰ елдерінің өлшемшарттарына негізделген жоғары оқу орындарына тәуелсіз бағалау жүргізіледі. Осы бағалау қорытындысы бойынша университеттер жоғары, орта және мақсатты лигаларға бөлінеді. Гранттар университеттің қай лигаға жататына байланысты үлестіріледі.
Бұдан басқа, жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балдар қайта қаралатын болады.
Мақала тегтері